Өз достарын үйде болуға шақырды

Небәрі 33 секундтан тұратын видеода ағайынды Нұрлыайым мен Інжу төтенше жағдайға байланысты үйде екендіктерін айтқан. Озат оқушылар өз достарын да үйде болуға шақырған. Сонымен бірге, ас – адамның арқауы екенін айта келе, пайдалы өнімдерді тұтыну керектігін жеткізген. Кішкентай Нұрлыайым кәмпиттің орнына құрт, қаймақ, сарымай жеген дұрыс десе, Інжу газдалған сусындардың орнына шұбат, айран, сүт ішкен жөн екенін атап өткен.
Қос бүлдіршіннің анасы Айнұр Сейілованың айтуынша, видеоны түсіруге балақайлардың өздері бастамашы болған.
– Төтенше жағдай талаптарын аудандық газеттің сайтынан оқып, танысып отырмыз. Мамандар індетті жеңу үшін үйде болу керектігін ескертуде. Осыны байқаған қыздарым видео түсіріп, желіге жүктеуді өтінді. Сөйтіп, үйімізде қысқа видео түсірдік. Мақсатымыз – көпшілікті жергілікті атқарушы биліктің талаптарын орындауға, тәртіпке бағынуға шақыру, – дейді жас ана.
Айта кету керек, Нұрлыайым мен Інжу әлеуметтік желіге жүктеген видеоларында «Біз үйдеміз», «Біз біргеміз» деген ұрансөздерді айтуды да ұмытпаған. Қарақұмдық оқушылардың бұл бастамасы өздері секілді балақайларға ой салады деп сенеміз.
«Толқын» ақпарат.