Бапкер бақыты
Евгенийді қазақшаға мұншалықты жетік деп ойламаған едім. Даусын созып «Ассалаумағалейкум!» деп нақышына келтіріп сәлемдесті. Аузын ашса, жүрегі көрінетін қазақы қалыппен хал-жағдайымды, отбасымның амандығын сұрағанда бұрын-соңды жүздеспеген осы азаматты жақын тартып қалғандаймын.
Евгений Курбатов Жақсықылыш кентінде дүниеге келген екен. Осы елді мекендегі № 19 қазақ орта мектебінің орыс класында, кейін Арал қаласындағы № 14 орыс мектебінде білім алған. Анасы Татьяна Дмитриевна – 40 жыл оқушыларға орыс тілінен дәріс берген зейнеткер ұстаз. Бүгінгі таңда ұзақ жылғы еңбегінің жемісін татып отырған асыл ана, немерелерінің сүйікті әжесі. Өзге құрдастарындай асық ойнап, ләңгі теуіп ержеткен Евгений ауыл баласына тән кеңпейіл дағды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді бойына сіңірген.
Өмірден асқан мектеп болмасы белгілі. Ақ басты шыңдай жал-жал боп үйілген тұз жотасына көзі қанығып өскен Евгений еңбектің наны тәтті екенін жастайынан түйсінді. Алғашқы еңбек жолын «Аралтұз» АҚ-да қарапайым жұмысшы болып бастап, шарболаттай шыңдалды.
Алайда сонау бала кезінен арманына айналған спортқа деген құштарлық ақыры өз дегенін жасатты. Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің дене шынықтыру және спорт факультетін аяқтаған Евгений Курбатов енді өзі де өрендерді спортқа баулуға кірісті. Қазақ қызы Гүлмира Сәрсенбаевамен сезімі жарасып, шаңырақ көтерді. Өмірге алтын асықтай перзенттері келді. Айтпақшы, ерлі-зайыпты Евгений мен Гүлмира екеуі де № 20 Арал аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде волейболдан жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Шәкірттері биікті бағындырып жүр. Кезінде облыстың құрама командасының мүшесі атанған Евгений – қазір волейболдан ерлер арасында Арал аудандық құрама командасының аға жаттықтырушысы.
– Евгенийді біршама уақыттан бері танимын. Менің қол астымда жаттыққан шәкіртімнің бірі. Бой-сойы келіскен, тағылымы мол адам. Жұмысына да мығым. Өзі де, келіншегі Гүлмира да аудан спортында орны бар, бұқаралық спортты дамытуға, салауаттылық салтын насихаттауға үлкен үлес қосып жүрген, білікті бапкерлер. Ұжымына, көпшілікке де сыйлы, – дейді Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Толыбай Әлжанов.
Арал ауданы.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
«Сыр бойы».