Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ер елі үшін туады...

Ер елі үшін туады...

Құрметті ер азаматтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген өміршең сөз бар. Біз бейбіт күннің білекті һәм жүректі жігіттерінің жасампаз істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Қазақтың қай азаматы болмасын «жігіт» деген жақсы теңеуге лайық болып, әрдайым отбасына қорған болған. Сол тектілік жасампаз халықтың қанынан әлі де кете қойған жоқ.
Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтай отырып, Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуын тілейміз. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Еңбекте табыс тілейміз.
Арал аудандық "Толқын" газеті ұжымы.
06 мамыр 2020 ж. 1 115 0