Азат өмірдің айшықты белгісі

Азаттағымызды айшықтап, тәуелсіздігіміздің басты белгісіне айналған осынау мемлекетіміздің төл құжаттары іспеттес нышандарды ұлықтау мақсатында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні болып бекітілген. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілгендіктен бұл күн қазақ күнтізбесіндегі айтулы мерекеге айналды. Сондықтан болар, бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Алаш баласына айбын болып, тәуелсіз тәуелсіздігімізді жаһанға мәлім етіп тұратын құндықтарды қорғау әрбір қазақстандықтың қасиетті парызына айналған. Ендеше елдігімізбен еншілес төл мерекемен барша қазақ халқын құттықтай отырып, халқымыз үшін құнды болған қастерлі рәміздерді бірге қадірлей білуге барша жерлестерді шақырамын. Халықпен бірге ғұмыр кешіп, қазақ жылнамасында алтын әріптермен жазылған қасиетті рәміздердің ғұмыры мәңгілік болғай.
Ғ.Жүсіпова,
Арал көпсалалы колледж мұғалімі.