Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 28 жыл толады.
Рәміздер күні қарсаңында назарларыңызға Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
1. Елтаңба көрінісі Қазақстан азаматының кез келген құжатында болады. Туу туралы куәліктен бастап зейнетақы кітапшасына дейін Елтаңбаның белгісі қолданылады.
2. Ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.
3. 1992 жылы қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынған.
4. Мемлекеттік мекеме маңдайшаларында Ту міндетті түрде болуы керек.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген.
6. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Жаңа Әнұран бірінші рет сол жылы 11 қаңтарда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
7. Қазақстандағы ең үлкен ту елордадағы «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан. Биіктігі – 111 метр. Кешен 2009 жылы салынған.
8. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.
9. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
10. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
04 маусым 2020 ж. 2 549 0