Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бек Эйр» әуе компаниясының сертификаты қайтарып алынды, екі компанияныкі тоқтатылды

«Бек Эйр» әуе компаниясының сертификаты қайтарып алынды, екі компанияныкі тоқтатылды

Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында бірқатар жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды inform.kz.
Атап айтқанда, заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықты орындамаған «Бек Эйр» әуе компаниясының пайдаланушы сертификаты кері қайтарылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты «Azee Air» ЖШС және «Sigma Airlines» ЖШС әуекомпанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды.
«Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныс қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта жүк тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды, олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген» делінген хабарламада.
ИКАО-ға мүше мемлекеттерде ұшу қауіпсіздігін бақылау деңгейі ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша анықталады.
Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстанда ИКАО аудиті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында болады деп күтілуде.
Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізу деңгейін арттыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді.
23 маусым 2020 ж. 346 0