Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне шалдыққандар саны елімізде күн санап артып келеді. Орын алған барлық жағдайды ескере отырып, инфекцияның таралуының алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданып, бірқатар шектеулер енгізілді.
Жер-жаһанды әбігерге салған вирустан қорғанудың ең қарапайым жолы - гигиеналық тазалық шараларын ұдайы орындау болып табылады. Сондай-ақ, адамдар көп шоғырланатын жерлерге, көшеге себепсіз шықпау керек екендігін тағы да естеріңізге саламыз. Әсіресе, кішкентай балалардың, қарияларымыздың қауіпсіздігіне мән беруіміз керек. Көпшілік орындарда тұрғындардың медициналық бетперде мен қолғаптардың киюі қатаң бақыланады.
Құрметті аралдықтар!
Қазіргі ахуалға қарамастан тұрғындар әлі де бейқамдық танытып келеді. Осындай сындарлы шақта Өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығы үшін қауіпсіздік шараларын тиянақты орындап, бірге күресе білуіміз қажет.
Коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша сақтық шаралары әлі де жалғаса беретін болады.Қауіпті індеттен сақтану үшін тазалық шараларын қатаң ұстанып, мамандар кеңесін естен шығармауларыңызды сұраймыз.
Өкінішке орай, ауданда коронавирус індетіне шалдыққан
2 тұрғынның қайтыс болу дерегі тіркеліп отыр.
Індетпен күресу жолында баршамыз жұдырықтай жұмылып, белгіленген талаптарды орындап, сабырлық таныта білейік!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
23 маусым 2020 ж. 738 0