Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

14 шілде: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрылды.
 2005 жылы Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды. Комитет мүшелері болып заңгерлер, теологтар және діни қауым өкілдері тіркелді. Ұйымның мақсаты -азаматтардың ұлтына, дініне және саяси тиістілігіне қарамастан құқығын қорғау.
 2009 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтар экспедициясы Нұра өзенінің ортаңғы ағысының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты. Самарқанд және Тегісжол ауылдарының арасындағы Темірқаш шатқалында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде темір қорамсақ, жебенің ұшы, жас сарбаз белбеуінің айылбасы сияқты заттар табылған. Археологтар бұл жәдігерлерге 2 мың жылдан астам уақыт болған деп пайымдады.

2011 жылы Қазақстан аумағында ақын, журналист, драматург және композитор Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай пошта маркасы қолданысқа енгізілді.
https://kyzylorda-news.kz/
14 шілде 2020 ж. 392 0