Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқырылғаны мәлім болды

Медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқырылғаны мәлім болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері медициналық сақтандыру қорының қаражаты жымқырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sn.kz kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Хабарланғандай, сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы ақша жымқырылған. 
Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қазақстанда гуманитарлық көмекті тарату бойынша тексеріс басталғанын атап өтті.
Бұған дейін Президент медициналық сақтандыру қорының қызметін тексеруді тапсырған болатын.
«Соңғы уақытта міндетті медициналық сақтандыру қорының айналасында әңгіме өте көп. Менің ойымша, бұл қордың айналасында әр түрлі қауесеттер мен әр түрлі өсек болмауы үшін онда іскер адамды қою керек. Әрине, жалпы алғанда, үкімет тарапынан қордың қызметіне талдау жасалуы тиіс. Ол қаншалықты табысты, қаншалықты тиімді», – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
15 шілде 2020 ж. 353 0