Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус инфекциясын емдейтін тағы бір "ғажайып" өсімдік табылды

Коронавирус инфекциясын емдейтін тағы бір "ғажайып" өсімдік табылды

Соңғы кездері ақжелкекке деген сұраныс күрт артқан.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын емдейтін тағы бір "ғажайып" өсімдік табылды. Ол – ақжелкек (хрен). Өсімдікке деген күрт сұраныс оны бәзбіреулердің "коронавирусты емдейді" деген қауесетті таратуымен байланысты болып отыр.  

Ақжелкек – ащы дәмдеуіш ретінде жиі қолданылатын өсімдік. Өсімдіктің пайдалы қасиеттері көп болғандықтан оны халық еміне жиі қолданады. Ақжелкек белсенді компоненттерден, антисептикалық қасиеті бар эфир майларынан және кей дәрумендерден құралады. Сондай-ақ ол құнарлы қасиетімен ерекшеленеді: шикі түрінде шамамен 16% көмірсудан, 3%-ға дейін азотты заттардан және аз мөлшерлі майдан тұрады. Ал С дәруменінің мөлшері бойынша ақжелкек лимоннан да асып түседі. Өсімдік калий, кальций, натрий, күкірт, фосфор, темір және басқа да минералды заттарға бай.
baq.kz

22 шілде 2020 ж. 419 0