Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

24 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Түске дейін ешкімнің көңіліне қарап, жағдайын жасамаңыз. Салқынқандылық танытқаныңыз жөн. Бұл ісіңіз көп көмегін тигізеді.
Торпақ
Әр қадамыңызды аңдап басыңыз. Асығыстық танытудың қажеті жоқ. Әсіресе шығармашылықпен айналысатын жандар байқампаз болыңыз.
Егіздер
Бүгінгі жұмыстарды ертеңге қалдырмаңыз. Ішкі түйсігіңізге сеніңіз, сонда ғана барлық жұмысты дұрыс істейтін боласыз.
Шаян
Маңызды шаруалар күтіп тұр. Көздеген мақсатқа жете аласыз. Маңызды мәселерді асықпай отырып шешетін боласыз.
Арыстан
Бүгін орын алған оқиғалар өміріңізді жаңадан бастауға, өз қалауыңыздағыдай өрбітуге мүмкіндік береді. Жақындарыңызбен бірге болыңыз.
Бикеш
Өте сәтті күн. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Қызықты ұсыныстар түседі. Сөзі өтімді жандармен серіктес боласыз.
Таразы
Қаржылық жағынан жолыңыз болады. Есеп-шотыңызға қомақты қаражат түседі. Ақшаны ақылмен жұмсайсыз. Бірақ қажетті дүниеге еш аянбайсыз.
Сарышаян
Адамдармен тіл табыса аласыз. Олардың жағдайын түсінуге тырысасыз. Ешкімнің көңілін қалдырғыңыз жоқ. Кикілжіңдерден бойды аулақ ұстайсыз.
Мерген
Қиындықтармен күресе аласыз. Бірақ оған біраз уақыт қажет. Эмоцияңызды сыртқа білдірмеуге тырысасыз. Соның арқасында дұрыс шешім қабылдайсыз.
Тауешкі
Керемет күн. Күтпеген тосынсыйлар болып, жағымды жаңалық естисіз. Соңғы уақытта мазаңызды алған сауалдарға жауап табасыз.
Суқұйғыш
Бүгін достармен бас қосып, алдағы күндерге жоспар құруға қолайлы күн. Жеке өміріңізге қатысты біршама мәселелерді шешетін боласыз.
Балықтар
Маңызды шаруаға қатысты шешім шығарасыз. Дәл қазіргі сәтте барлық жағдайды дұрыс бағамдай аласыз. Сондықтан дұрыс шешім шығарасыз.
kyzylorda-news.kz
24 шілде 2020 ж. 366 0