Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолдан жасалған арақтан 27 адам көз жұмды

Қолдан жасалған арақтан 27 адам көз жұмды

Пандемия кезінде антисептикті сылтау етіп, этил спиртін тонналап жеткізіп жатқандар бар. Бірақ, олардың барлығы бірдей емдік мақсатта пайдаланылмайды екен.
5 литрлік пластик құтыға құйып, көпшілікке көлеңкелі кәсіппен сатып жатқан көрінеді. Сапасы төмен болса да, ішімдіктің дәмін татып, масайғысы келетіндердің көпшілігі оның ең алдымен бағасына қызығуда. Ғаламторда 2000-3000 теңгеге саудаланып жатыр. Құтысы үлкен болғандықтан көпшілігі жора-жолдастарымен бірігіп алып, бөліседі екен."Бірінші рет ішкен жоқ, қай жақтан алды? достарынан алды. Жолдастарымен ішкен ғой. Қаза тапты он адам. Көптен бері сатылмайды. Сондай болып шыққан ғой. Сондай попалось", - деді Ақмола облысының тұрғыны Әсем.
Мамандардың айтуынша елімізде 27 адам дәл осындай күмәнді ащы судан дәм татып көз жұмған. Мәселен Ақмола облысында 18 адам уланып, 12-і мерт болды. Ал, Қостанайда "этонолдан уланған" деген диагнозбен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, олардың 11-і бақиға аттаныпты. Сараптама жүргізген мамандар сапасы стандартқа сай келмейтіндігін жеткізді.
03 тамыз 2020 ж. 474 0