80 адам қолдан жасалған арақтан уланып қалды
Индонезияда бір айда 80-нен астам қолдан жасалған арақтан уланып қалған. Соңғы тәулікте 20-дан астам адам қаза тапқан.

Батыс Ява провинциясында 50-ден астам адам, ал ел астанасы Джакартада 31 адам көз жұмған. Полиция контрафактілік ішімдіктерді сатты деген күдікпен жеті адамды тұтқындаған. Контрафактілік ішімдік өндірісі Индонезияда заңсыз бизнес болып табылады.