Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеу қиын

Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдерді емдеу қиын

Бұл туралы Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Ғани Бодықов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, COVID-19 коронавирусымен ауыратын науқастарды емдеу бағытында "Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында"  25 провизорлық және 5 індет жұқтырған науқастарға арналған төсек орны құрылған.
Орталықта ЖРВИ немесе COVID-19 белгілері бар емделушілерге арнап жеке қабылдау бөлімшесі бар. Орталықтан тысқары орналасқан екі қабатты  ғимаратта инфекциялық-диспансерлік бөлім ұйымдастырылды. Бөлімнің ұйымдастырылуы және орналасқан жері Бостандық ауданының УККБТУ (СЭС)-мен ортақ келісілген түрде шешілді. Бөлімнің құрылымына жекеленген босануға дейінгі және босану бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім, 5 реанимация және неонатальді бөлім кіреді. Бөлім кез келген клиникалық жағдайға арналған жабдықтармен және шығын материалдарымен толық қамтамасыз етілген, қажет болса, хирургиялық көмек көрсету шаралары да қарастырылған, - дейді орталық директоры.
Бөлімде анестезия және тыныс алу аппараттарымен, оттегі пункттерімен, босану және операциялар үшін функционалды кереуеттермен, төтенше жағдайларда көмек көрсетуге арналған жинақтармен жабдықталған.
Соңғы екі аптада орталықта 41 жүкті әйел емделген. 16 ана босаныпты, оның ішінде 9 нәресте кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Жалпы 33 науқас толық ем алып, жазылып шыққан. 
Жүкті әйелдерде пневмония мен коронавирус инфекциясын емдеудің қиындығы жүктіліктің патология аясында өршіп келетіндігінде. Сонымен қатар, жұқпалы ауруларды ұрыққа жұқтырудың өте жоғары екенін есте ұстау керек. Бүгінгі таңда жаңадан босанған ана екіжақты пневмониямен жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі жағдайы тұрақты, өздігінен дем алуда, - дейді Ғани Бодықов.
Барлық науқас Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған клиникалық хаттамаға сәйкес барлық емді қабылдауда екен. Одан бөлек, пневмониядан емдеуге қажетті дәрі-дәрмек қоры 1-1,5 айға артығымен қамтамасыз етілген.
https://baq.kz/
06 тамыз 2020 ж. 494 0