Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлігіңізді тіркетіп қойыңыз

Көлігіңізді тіркетіп қойыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары туралы айтып берді.
Биылғы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Армения елінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, басқару жүйесі сол жақты көлік құралдарын тіркеуге қою жұмыстары қолға алынған болатын. Облыс тұрғындарының атына барлығы 447 армян көлігі тіркелген. Оның 259-ы тіркеуге алынды. Сонымен қатар 116-ның басқару жүйесі оң жақта орналасқан. Бұл көліктерді тіркеу үшін басқару жүйесінің оң жақтан сол жаққа ауыстырылғаны туралы арнайы мекемелерден конструкцияға енгізілген өзгерістерді растайтын куәлік алу қажет.
Көлік құралдарын тіркеу маманданды­рылған халыққа қызмет көрсету орталықта­рында 1 қыркүйекке дейін жалғасады.  Одан кейін Армениядан әкелінген көлік кеден баждары мен Салық кодексіне сәйкес төле­нетін барлық алымдар мен төлемдер  төленген  соң ғана тіркеледі.
Мәселеге қатысты туындаған сұрақтарға сала маманы кеңінен жауап берді.
syrboyi.kz
27 тамыз 2020 ж. 619 0