Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

01 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі. 
Күндіз 1 қыркүйекте Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.
1 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 1 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерінде 36 градус ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
01 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.
1-3 қыркүйекте Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауылсоғып, бұршақ жауады деп болжануда. 2, 3 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. 
2 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерінде 35-36 градус қатты ыстық болады.
https://baq.kz/
01 қыркүйек 2020 ж. 261 0