Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиелік мәні терең тұжырым

Тәрбиелік мәні терең тұжырым

Елбасының «Абай аманаты» мақаласының жариялануы рухани тұрғыдан кемелденген тұлғаның ой-парасатының биіктігін көрсетті.  Нұрсұлтан Әбішұлы  Ұлы ойшылдың өмір сүрген кезеңі қос дәуірдің тоғысқан тұсымен тура келген кезін айта келе, өзінің де Тәуелсіз қазақ мемлекетінің негізін қалыптастыруда Абай Құнанбайұлы өмірлік ой-тұжырымдарының  көп септігі тигендігін айтты. Биылғы күнтізбеден де Абай күні мерекесі ойып тұрып орын алды, дана асылдың 175 жылдығы елімізде айрықша атап өтілуде. Бүгінде Абай мұрасының құндылығын әлем халықтары да мойындап отыр.Хакім Абай халық арасында оқу оқып білім алуды насихаттады. Қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздеді. Елбасы өз мақаласында, Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізеді деп есептейді. Сонымен қатар, ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін де Абайдың ой-тұжырымдарына зейін қойған абзал деп санайды.Абай философия тарихында әділетті қоғам орнату идеясын көтерген тұлғалардың бірі саналады. Демек, Абай шығармалары елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін нығайтатын, мемлекетті сыйлаудың, билік жүргізетіндерге қойылатын талап-шарттардың мән-маңызын түсіндіретін темірқазық болуы тиіс.
Салтанат Өксікбаева,
Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының мұғалімі.
08 қазан 2020 ж. 643 0