Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. 
Күндіз Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 
Қостанай облысының кей жерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады. 
Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. 21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
baq.kz

21 қазан 2020 ж. 324 0