Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақты жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерге кредит беріледі

Тұрақты жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерге кредит беріледі

Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жол картасына бірқатар талап енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасын тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, оның тәсілдерін жетілдіру үшін бірқатар талап енгізіледі. 
«Қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікті несиелеуге белгілеу», – деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 
Тағы бір талап – іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде жобаларды іріктеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен және парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру. 
Сондай-ақ, министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмыстарын көздейтін жобаларды және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр. 
Нұрымбетов жұмыспен қамту саласындағы бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жұмыссыздықтың әлеуметтік қолайлы деңгейін сақтауға және халық табысының төмендемеуіне оң әсерін тигізеді деп сенеді.
kyzylorda-news.kz
27 қазан 2020 ж. 454 0