Қызылордада тұрғындар карантин талаптарын сақтамай отыр
Бүгінгі таңда енгізілген карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша жүргізілген рейдтер барысында 384 мекемелер мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 781 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде кафе, мейрамханаларда 450 той жасаудың дерегі анықталса, компътерлік клубтар, букмекерлік кеңселер тарапынан карантин талаптарын бұзудың 59 дерегі, шаштараздармен 8, дүкендер және базарлармен 88, демалыс орындарымен 4, санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген басқа 172 құқық бұзушылықтар анықталды.
Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатындағы жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен құрылған мобильдік топпен жұмыстар жалғасуда.