Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан активімен кездесу өтті.

Аудан активімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада Қызылорда облысындағы іс-сапарының екінші күнінде Сырдария ауданында болып, аудан активімен кездесіп қайтты.
          Сапар барысында аудан орталығындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Open space форматында жұмысжасайтын жаңа сервистік әкімдіктің қызыметімен танысты.
          Ғанижан Асанұлы - «Сервистік әкімдіктің» басты мақсаты қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімнің артуы мен екуінің арасындағы байланысты нығайта түсіріп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
          Сонымен қатар, аудандық активпен кездесіп, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
          Кездесу соңында Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада – «Бүгінгі таңда  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен парасатты қоғам қалыптастыруға аса көңіл бөлу қажет»-  деді кездесу барысында.
Сырдария ауданындағы сапар барысында Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылында болып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып,  ауыл тұрғындарымен сұхбаттасты.
04 қараша 2020 ж. 414 0