Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады
«Қазгидромет» РМК 7 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елордада және 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Атап айтқанда, күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. 
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 
Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. 
Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.
www.inform.kz
		





		
		



