Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір ғажайып.

Есірткісіз өмір ғажайып.

Өміріңді мәнді өткіз бос қылма,Арақ пенен темекіні дос қылма.Нашақордың үлгі етсең істерін
Адам емес болғаның ол бос тұлға.
(Есболат Амангелдіұлы)
Есірткі.  Өмір. Болашақ.
Үш сөз. Үш мағына. Құлаққа түрпідей естілген бірінші сөз кім-кімге ұнамасы анық. Жалған қызығушылықтың кесірінен өмір де, болашақ та болмайды. Адам-қоғамның айнасы іспеттес. Адам өмірінде белестерге жеткенде бұлыңғыр бағытқа бастар жол-зиянды әдеттер. Түрлі ақпарат құралдарынан, әлеуметтік желілерден көрінген жаман дүниеге қызығып, болашақтарына балта шауып жатады. Жан азабы мен тән азабын қатар тартқызатын, еріксіз тауқіметке түсіретін аты өшкір есірткі кемел келешекке кесапатын ғана тартқызады. Қамшының сабындай қысқа ғұмырды салихалы өмірге, жақсылыққа, игі істерге толтырудан асқан бақыт жоқ шығар. Өміріміздегі басты құндылықтарды арзан нәрсеге айырбастамай, бейбіт елімізде бақытты шақтың қадірін түсініп алға жылжу біздің басты міндетіміз, парызымыз!
Мақаламды Жадыра Байбұланованың “Мен сені сүйем өмір” өлеңімен тәмамдағым келеді.
Өмір өзіңді таппай іздеп өзек талса да,
Өмір мен кешкен мөлдір таза мезет қаншама?!
Өмір жанымда бақ пенен зор кезек болса да,
Мен сені сүйемін, өмір!!!
#ҚызылордаОПДЕҚҚІҚБжарияланғанбайқауға.
Іздібай Гүлбақыт
№ 220 орта мектебінің 6 “в” сынып оқушысы
17 қараша 2020 ж. 558 0