Абай – ұлттың рухани ұстазы

Дана Абайдың өмірі, мұрасы уақыт өткен сайын қазақ қоғамында ғана емес, күллі әлемде өз орнын тауып, мойындалып келе жатқандығы белгілі. Өзінің философиялық ой-өрімдерге толы өлеңдерінде Абай Құнанбайұлы адамның жеке бас мәселелерінен бастап, күрделі әлеуметтік сұрақтарды, адам мен адам, түрлі жас өкілдерінің, қоғамның түрлі санаттарының бір-бірімен қарым-қатынасын қозғайды. Ал оның қара сөздері адам өміріне, ой-санасына, дүниеге, жаратылысқа, терең бойлай отырып жазылған адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, мән-мағынасы ерек туынды.
Президентіміз өз мақаласы арқылы біздер жастар қауымын елдің қамын ойлаған ойшыл атамыздың мұрасын терең зерделеуге, оның шығармаларының мәніне барынша үңілуге, оқып, жаттап қана қоймай, бойымызға сіңіруге шақырады. Осы ретте, барша қазақстандықтарды, оның ішінде жастарды биылғы жылы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге барынша үлес қосуға шақырамын.
Асылгүл Жұмағұлова,
«Тұран» университетінің студенті