Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «COWORKING & CINEMA ROOM» мектептерге жол тартты

«COWORKING & CINEMA ROOM» мектептерге жол тартты

Қызылорда қаласындағы білім ордаларынан өзінің өзгеше сипаттағы білім беру стилі мен баланың білім алуға құштарлығын арттыратын идеяларымен ерекшеленетін С.Лапин атындағы №261 мектебі оқушыларын тағы да қуантуда.
Бүгінде 2 300 оқушысы бар үлкен ұжым «Сoworking» орталығы мен «Сinema room» бөлмесінің ашылуын атап өтті.
Бұл мектеп кітапханасының жаңа форматы. Тың идеяны жүзеге асырған мектеп директоры Қарлығаш Әбдірахманова кітапхананың заманауи жабдықталып, ыңғайлы әрі қызықты болуы оқушының өзіндік шығармашылығын дамытып, оқуға қызығушылығын арттыратындығын, осылайша білім сапасын көтеруге мүмкіндік алатындығына тоқталды.
Кітапхана жұмысы 5 бағытқа бөлінген, яғни аптаның әр күнін түрлі, қызықты, әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік береді. Оқуға құштар мектептің тағы бір жаңа қыры, мектепте «Буккроссинг» бұрышы ұйымдастырылған. Мектеп қабырғалары көрнекті ойшылдар мен ғұламалардың мұрасымен өрнектелген. Электронды оқулықтар мен 3 700 көркем әдебиет қоры бар.
Жаңалыққа толы білім ордасы алдағы уақытта мектептің көркем әдебиет қорын жаңартып, кітапхананы цифрландыруға көшіруді жоспарлауда.
Айта кету керек, ашылу рәсіміне арнайы құттықтап келген «Авто-лидер Қызылорда» ЖШС директоры, жас кәсіпкер Нурболат Ибраев «Grand мастер» it бағдарламалық мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев және Облыстық жастар орталығының бөлім басшысы, «Кітап құрттары» клубының жетекшісі Талғат Меңдібаев ұжымға сәттілік тіледі.
kyzylorda-news.kz

28 қараша 2020 ж. 530 0