«Nur Otan»-ның республикалық сайлауалды штабының өкілдері Қызылорда облысына келді

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуде елдегі демократияның өрістеуіне жол ашатын жауапты азаматтық қоғамды дамыту мәселелері көтеріліп, осы бағыттағы бірқатар ойлар ортаға салынды. Осыған байланысты нұротандықтар елдегі өзекті мәселелерді бірлесе шешу мен мемлекетті дамыту ісіне азаматтық белсенділерді қарқынды түрде араластыруды жоспарлауда. Жалпы, өңір халқымен кездесуде ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, аграрлық саланы дамыту жайы да көтеріліп, жан-жақты талқыланды.
