Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулықтың қадірін білдірген жыл

Денсаулықтың қадірін білдірген жыл

№19 мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Саягүл Мақашева Жақсықылыш кентіндегі «Жақсықылыш» дәрігерлік амбулаториясында ақ халаттылармен кездесу өткізді.  Жаздағы жаппай дендеген дерт жұртшылыққа зиынын тигізбей қоймады. Осындай қиын сәтте жанашыр ақ халаттылар тұрғындарға қолдан келгенше уақытпен санаспай ем-дом көрсетіп, халықтың алғысына ие болды.
– Партия алдағы уақытта жалпы 4 дәрігерлердің, оның ішінде окулист, эндокринолог, ЛОР мамандары, психиатр-наркологтардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды амбулаториялық емдеудің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету мәселесін үнемі бақылауда ұстауға, қатерлі ісік ауруын ерте анықтау мақсатында скринингтік зерттеулер жүргізуді ұлғайтуға, ауылдық медицинаны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізіп, дәріхана пункттерін ашуға ықпал етеді, – деді үміткер С.Мақашева.
Сала мамандары өз кезегінде жұмыс жағдайындағы ұсыныстарын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге медицина саласының одан әрі дами түсуіне арналған партия жоспарына ризашылығын жеткізді.Кездесіп жатқан сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалып және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін еңбек еткеніне куә екендігіне және ауданымызда ахуалға байланысты сақтық шараларын сақтай отырып жұмыстар атқарыла беретініне медицина қызметкерлері сенім білдірді.
"Nur Otan"партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді
23 желтоқсан 2020 ж. 559 0