Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзге ұлт өкілдерімен кездесу

Өзге ұлт өкілдерімен кездесу

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мейрамкүл Махатова ауданымыздың өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өзге ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі отырысы жайлы  жеке ой пікірлерімен бөлісті.
– «Елдің гүлденіп, өркендеуіне, біртұтас ел болуына себепші болған осы – «Nur Otan» партиясы. Партияның бүгінге дейін атқарған ісі ұшан-теңіз. Еліміз түрлі сынақтарды бастан өткерді. Сол сынақтарда елге демеу бола білген «Nur Otan» партиясымен бірге қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетіп келеді. Алдағы сайлауда ел болашағы үшін дауыс беруге сіздерді шақырамын», – деді үміткер М.Махатова.
Кездесу аясында әртүрлі ұлт өкілдері ел болашағының баянды болуы жолында өзара татулық пен келісімнің сақталуы маңызды екенін атап өтті. «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның сәтті дамуының сенімді іргетасы» екендігін жеткізген үміткерлерге кездесуге қатысушылар тарапынан тақырып аясындағы ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ, ырыс-ынтымақтың жарқын үлгісін қалыптастыру арқылы сайлауалды бағдарламаларды тиімді түрде жүзеге асыру керектігін де айтты. Бағдарламаға сәйкес, дінаралық қатынастарды және этносаралық келісім мен бірлікті нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктердің жұмысына қолдау білдіру қолға алынған.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Арал ауданының сайлау қорының қаражатынан бөлінді
26 желтоқсан 2020 ж. 755 0