Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ауылдастары мүгедек ер адамға үй салып берді

Қызылорда облысында ауылдастары мүгедек ер адамға үй салып берді

Қызылорда облысы Жалағаш ауданын Ақсу ауылында жерлестері бірінші топ мүгедегіне жаңа үй тұрғызып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақсу ауылының тұрғыны Орынбек Шаймағанбетов Жаңа жыл қарсаңында жаңа баспанаға ие болды. 
Ер адам 2002 жылы жол апатына ұшырап, бірінші топ мүгедегі болып қалды.
Орынбек Шаймағанбетов жағдайына қарамастан, еңбек етуді жалғастырады. 2014 жылы тігін тігіп бастайды. 2015 жылы "Ақниет" бағдарламасы бойынша алған қайтарымсыз 485 мың теңгеге жеке кәсібін ашты.
Тағдыр азаматтың отбасына тағы бір қиындық дайындап қойған екен. Орынбектің жұбайы Жеміскүл де жол апатына түсіп, жұмыстан шығып қалады.
Отбасы Ақсу ауылында үй жалдап тұрған. Енді жерлестерінің көмегімен жаңа баспанаға кірді. Оған жергілікті кәсіпкерлер де қолдау көрсетті.
31 желтоқсан 2020 ж. 334 0