Жемқорлықпен бірге күресейік

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтеріне тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.
Олай болса, мемлекетіміздің дамуына кері әсерін тигізетін жемқорлықпен қоғам болып күресуіміз керек. Сонда ғана әділдік пен ізгілікке қол жеткізетін боламыз.
А.Әбиева,
Арал аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі