Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үздік жоғары оқу орындары анықталды

Еліміздің үздік жоғары оқу орындары анықталды

Қазақстандық жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингі жарияланды. Зерттеу жұмыстарын Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және Қорғаныс министрлігіне бағынышты жоғары оқу орындарынан басқа еліміздің барлық жоғары оқу орны қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Рейтинг нәтижесі бойынша анықталған мықты университеттердің ондығында Академиялық адалдық Лигасының құрамындағы университеттер де бар. Үздік оқу орындарының ондығы мынадай:
  1. М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті;
  6. Сүлеймен Демирел атындағы университет;
  7. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  8. Халықаралық білім беру корпорациясы;
  9. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
  10. Нархоз университеті.
108 университет бойынша 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасын зерттеу жұмысына 6 мың сарапшы қатысқан. Рейтинг жоғары оқу орындарының артықшылықтарын анықтау, беделін көтеру және білім беру сапасының ұлттық және халықаралық нарықта деңгейін көтеруге бағытталған. Зерттеу барысында түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында  жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті дамыту қажеттігін атап өтті. Бәсекелестікті дамытудың бірден бір жолы – қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары нарықтағы сұранысқа қаншалықты сай келетінін анықтау, жоғары оқу орындарының рейтингін жасау», деп хабарлады Академиялық адалдық Лигасының баспасөз қызметі.

egemen.kz
06 қаңтар 2021 ж. 801 0