Өткен жылы Қазақстанда не қымбаттады
Өткен жылы Қазақстанда бәрінен бұрын азық-түлік тауарларының бағасы көтерілді, олардың кейбірі үштен бірі есе шарықтаған.Қазақстанда өткен жылы (2019 жылмен салыстырғанда) инфляция 7,5% болды. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары 11,3%, азық-түлік емес тауарлар 5,5%, ақылы қызметтер 4,2% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының сайтында хабарланды.
Бір жыл ішінде қандай өнімдер қымбаттады
- құмшекер – 33,9%,
 - күнбағыс майы – 33,7%,
 - жармалар – 28,7%,
 - жұмыртқа – 20%,
 - картоп – 16,8%,
 - ұн – 16,3%,
 - жаңа жиналған көкөністер, қой еті – 15,4%,
 - жаңа жиналған жемістер – 14,9%,
 - макарон өнімдері – 14,7%,
 - сары май – 13,6%,
 - жылқы еті – 11,9%,
 - мәйекті ірімшік – 11,4%,
 - шай – 11,2%,
 - мұздатылған балық – 10,1%,
 - сиыр еті – 10%,
 - сүт – 9,7%,
 - шошқа еті – 8%,
 - нан – 5,9%,
 - темекі өнімдері – 14,9%,
 - минералды және ас суы – 10,4%,
 - алкогольді сусындар 7,8% қымбаттады.
 
Тек тауық еті 5,7%, сөк 2,6%, күріш 1,7%-ке арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен техниканың бағасы
2020 жылы мына заттар қымбаттады:
- алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар– 13%,
 - жуғыш және тазалағыш құралдар – 10,2%,
 - дәрі-дәрмек – 9,9%,
 - жеке қолданылатын тауарлар – 9,4%,
 - тұрмыстық аспаптар – 8%,
 - автомобиль – 7,3%,
 - ноутбук – 6,7%,
 - жиһаз және үйге қажетті заттар – 6,6%,
 - ыдыс-аяқ – 6,1%,
 - киім және аяқ киім – 4,8%,
 - тас көмір – 3,5%,
 - бензин – 2,5%.
 
Дизель отыны 6,6%-ке арзандады.
Қызмет көрсету бағасы қалай өзгерді
- құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%,
 - кинотеатр қызметтері – 8,1%,
 - шаштараз және сұлулық салоны қызметтері – 7,2%,
 - қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 6,9%,
 - денсаулық сақтау қызметтері – 6,3%,
 - моншаға бару – 5,7%,
 - жерлеу қызметтері – 5,6%,
 - таксимен жол жүру ақысы – 6,8%,
 - жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау 4,2% қымбаттады.
 
Әуе көлігінің бағасы 6,2%-ке арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында баға қоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7% өсті, ал орталық жылытуға – 2%, кәрізге 1,4% төмендеді.
sputnik.kz






		
		



