10 айда азық-түлік бағасы 8,3%-ға қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы он айда баға азық-түлік тауарларына–8,3%, азық-түлік емес тауарларына–4,5%, ақылы қызметтерге 3% жоғарылады, деп хабарлады статистика комитеті.
Қазанда (2020 жылғы қыркүйекке) бағаның өсуі жұмыртқаға – 10,3%, құмшекерге – 7,3%, күнбағыс майына – 6,3%, жаңа жиналған көкөністерге– 2,8%, картопқа – 2,1%, сүтке – 1,4%, шайға – 1%, қой етіне – 0,9%, ұнға, сары майға – 0,8%, макарон өнімдеріне, жылқы етіне – 0,7%-дан, нанға – 0,6% белгіленді. Темекі өнімдері – 1,8%, салқындатылған сусындар 0,6%қымбаттады. Бағаның төмендеуіжаңа жиналған жемістерге – 3,9%, тауықтың сирағына 1,1% тіркелді, - делінген хабарламада.
Баға өсімікеңсе тауарларға, дәрі-дәрмекке – 0,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, автомобильдерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына, киім және аяқ киімге, жиһаз және үйге қажетті заттарға 0,6%-данқұрады.Тас көмір1,4% қымбаттады.
Баға деңгейі моншаға бару – 0,8%, спорттық кешендер қызметтеріне – 0,7%, стоматологиялық қызметтеріне – 0,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 0,5% өсті.Әуе көлігімен жол жүру ақысы 2,4% арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтерқоқыс шығару – 6,7%, суық суға – 2,5%, кәрізге – 2%, электр энергиясына – 0,7%, ыстық суға 0,3% өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.
baq.kz