Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде азық-түлік бағасы өсті

Елімізде азық-түлік бағасы өсті

2020 жылғы тоғыз айда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 10,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,7% өсті. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, 2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 2%, арпаға - 1,4%, сұлыға - 1%, тарыға - 0,6% өсті.
Баға қиярға 7%, бақша дақылдарына - 1,6%, пиязға - 0,6% өсті, ал асханалық қызылшаға 2,6%, қызанақ және қырыққабатқа - 1,3%-дан, картоп және асханалық сәбізге - 1,1%-дан төмендеді.
Кептірілген бұршақ 2,7%, кептірілген жасымық - 1,3%, азықтық дақылдар және майлы тұқымдары - 1,1%-дан қымбаттады, ал жүзім 1,3%, жемістер және жидектер - 1,2% арзандады.
Жылқы және құс еті 1%-дан, ірі қара мал еті - 0,5%, қой еті - 0,4% қымбаттады. Баға жұмыртқаға 7%, балға - 1,1%, шикі сиыр сүтіне - 0,9% өсті.
baq.kz
10 қазан 2020 ж. 665 0