Ауданымыздағы " Ұрпақтан ұрпаққа" қоғамдық бірлестігінің жанынан "Аралдың қаракөз келіндері" ынталы топ құрылып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бағытында игі істер атқара бастады.
Жақында топтағы жас келіндер қоғамдық бірлестіктер, зиялы қауым, баспасөз өкілдері алдында өздерінің бірнеше аптаға созылған сайыс нәтижелерімен бөлісіп, алғашқы таныстырылымы болып өтті.