Невролог коронавирустың ешкім біле бермейтін белгілерін атады
Жоғары дәрежелі невролог, медицина ғылымдарының кандидаты Неонила Фомина-Чертоусова коронавирустан кейінгі асқынуларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігердің сөзінше, асқынулар аурудан кейін немесе коронавирус жұқтыра салып пайда болуы мүмкін. Бұған қоса, ол COVID-19 кезінде орталық жүйке жүйесіне зардап келуі ғажап емес екенін ескерді. Сондай-ақ, коронавирус кезінде инсультке шалдығу қауіпі 6%-ға артатын көрінеді.
"Жүрек талмасы екі-үш аптадан кейін орын алуы мүмкін. Инсульт аурудың бір белгісі болуы мүмкін", - дейді ол.
Коронавирус деменцияға алып келетінін ескерген ғалым науқастың бойында созылмалы аурулардың асқынуы, сіреспе, талып қалу, ұйқышылдық пен апатия пайда болатынын жеткізді. Бұл миға жеткілікті мөлшерде оттегінің бармауынан, деп түсіндірді ресейлік невролог.
COVID-19 әсіресе, жастар үшін қауіпті, дейді ол. Себебі көп жағдайда аурудың симптомсыз түріне шалдыққандар жастар көп жағдайда коронавирус жұқтырғанын біле бермейді екен.
"Аяқ пен қол буындарының, саусақтарының ұйып қалуы да коронавирустың бір белгісі", - деді Неонила Фомина-Чертоусова.
stan.kz