Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар өтініші қараусыз қалмайды

Тұрғындар өтініші қараусыз қалмайды

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасын жүзеге асыру аясында жасақталған қабылдау кестесіне сәйкес, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Каюпов тұрғындардың арыз шағымдары мен талап тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген қала тұрғыны Жұмакүл Келжанова есігінің алдындағы өзіне тиесілі 10 соттық жердің 7 сотығы қазылып үңгір болып қалғанын айтып, құм толтырып беруге көмек сұрады. Ал, Кулшара Айымбетова Алматы қаласында 1 курс оқитын студент қызын Қорқыт ата университетіне қашықтықтан оқытуға ауыстыру жолдарын іздейді. Ал көп балалы ана Мөлдір Ахметова медициналық колледж бітірген білімі бар екенін тілге тиек етіп, мамандығына сай жұмыспен қамтуға ықпал етсеңіздер дейді.
Қабылдауда болған әрбір азаматтың өтінішін жеке-жеке тыңдаған басқарма басшысының міндетін атқарушы Руслан Каюпов келушілерге заң аясында кеңес беріп, шешілу жолдарын зерттеп реттеуге уәде етті.

kyzylorda-news.kz
19 қаңтар 2021 ж. 315 0