Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында – шаңды дауыл болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 18-23 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Ақмола облысында – көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынмен бірге. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі.
kyzylorda-news.kz