Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күреске үндеді

Жемқорлықпен күреске үндеді

Кеше Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ұжымының басшы құрамы мен кездесу өтті.
Кездесу барысында, департамент қызметкері 2020 жылғы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар,Ақпараттық – ағартушылық штаб мүшесі Мадалиева Ақзада Алайдарқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау үшін ашықтықты қамтамасыз ете отырып, әр-бір қызметкер қызметтін заң шеңберінде адал атқаруды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде жемқорлықтың салдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері Мухамбетова Айна Қарабузауқызы 2020 жылғы атқарылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар бойынша хабарлама жасап және осы бағыттағы 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.
Шара соңында әлеуметтік бейнероликтер көрсетіп, ұжым тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

"Толқын" ақпарат 



29 қаңтар 2021 ж. 448 0