Басты мақсат – ел игілігі

Аудандық маслихаттың депутаты болып сайланғандықтан, халықпен жиі кездесемін. Олардың пікірлері, ұсыныстары, әлеуметтік тұрмыстарын жақсартуға деген жоспарларын тыңдап, іске асырылу тетіктерін қарастыруда жұмыс жасаймыз. Қажетті ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, тиісті шешімдер қабылдау да маңызды. Халық алдындағы міндетіміз айқын. Депутат ретінде мемлекеттік саясаттың орындалуына жете мән беріп, ел игілігі үшін қажет жұмыстың орындалуына мүдделік танытып, елдің өсіп-өркендеуіне күш сала бермекпіз.
Мақсат айқын, жоспар әзірленді, сондықтан одан әрі де бірге еліміздің даму жолында қызмет атқарамыз.
аудандық мәслихат депутаты