Президент мақаласының маңызы зор

Президент өз мақаласында: «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек» деген болатын. Осылайша жастарға жол көрсетуде Мемлекет басшысының пікіріне ұстаз Жамал Қанатова:
–Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткерді. Өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу – басты міндеміз. Бұл мақаланың маңыздылығы – жастарды еңбек етуге үндеп, еліміздің өркендеуі жолында бағыт беруі,– деп мақаланың маңыздылығына тоқталды.
Колледж студенттері де мақаланың өздерінің еңбекке деген құлшынысын арттырып, үлкен серпін бергенін айтып, өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында қатысушыларды кітапханашы Бейбіткүл Әбілдаева «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
А. НАҒАШЫБАЕВА,
№3 кітапхананың меңгерушісі
