Салықшыларға жемқорлықты азайту үшін бірыңғай форма беріліп, жалақы көтеріледі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақы төмендігінен, әлеуметтік қорғансыздық пен жауапкершіліктің жоғары болуынан сыбайлас жемқорлыққа жол береді.
Осы себепті, алған білімдері мен дағдыларын жиі қолданатын тәжірибелі жұмысшылар жұмыстан кетуге мәжбүр. Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақы және бірыңғай киім үлгісін енгізу ұсынылды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды жұмысқа тартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.