Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

Арал аудандық сотында талап қоюшы М-ның Н-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі татуласу келісімімен аяқталды.Талап қоюшы талабында, жауапкермен заңды некеде тұратынын, келешек отбасы болып онымен бірге тұра алмайтынын көрсетіп, араларындағы заңды некені бұзуды сұраған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік заңнамасында даулар мен жанжалдарды альтернативті түрде шешу тәсілдері қарастырылған, солардың бірі татуласу келісімі болып табылады.
Сотпен тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы шешу құқықтары және олардың құқықтық салдары түсіндірілгеннен кейін, тараптар татуластыру рәсімдерінің осы тәсілін таңдап, сотқа өзара жасасқан татуласу келісімін бекіту үшін ұсынып, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот ұйғарымымен татуласу келісімі бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
16 ақпан 2021 ж. 445 0