Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК синоптиктер Қазақстанда жаңбырлы ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нөсер жауын жауады: Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктердің мәліметінше, 17 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жауып, оңтүстік-батыста қар жауады.
"Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік пен батыста бұрқасын күтіледі", - деп атап өтті метеорологтар.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, Жарма ауданында екпіні 23 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түседі.
Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында боран соғады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, түнде ауа температурасы - 13-15°С, күндіз - 9-11°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +11+13°С.
stan.kz