Италиядағы мектеп түлегімен кездесу кеші өтті
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №220 орта мектебінде «Алғыс айту – асыл сөз» тақырыбында аталмыш мектептің 2013 жылғы түлегі, «Алтын белгі» белгісінің иегері, қазіргі таңда Италия елінің Милан қаласындағы «Милан» университетінің магистранты Әбдраманов Олжаспен онлайн режимде кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешке мектепте тәлім берген ұстаздары, 9-10-сынып оқушылары қатысты. Мұғалімнен өнеге, білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанса, ұстазы шәкіртімен мақтанатыны анық. Кеш кейіпкері де бүгінгі таңдағы жеткен жетістіктері мен бағындырған белестеріне себеп болған ұстаздарына алғысын ақ тілектерімен жеткізді. Бастауыш сыныптағы алғашқы ұстазы Гүлнар Ибраимова дарынды шәкіртінің «тұлпарды-құлыннан» танығанындай, шәкіртінің білімге ерекше құштар болғандығын тілге тиек етіп, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Сөз кезегінде кешке қатысушы келешек түлектердің өзі сияқты әлемнің озық оқу ордаларында білім алғысы келетіндерін естіп, қуанған кейіпкеріміз «білімді жанға қайда да жол ашық, сондықтан әр күндеріңді текке өткізбей, білім іздеумен, тіл үйренумен айналысыңдар, келешек – біздің қолымызда», – деп қанатандыра отырып өз кеңесін берді.
Кешке қатысушы қонақтар мен шәкірттер бір-біріне алғыс сезімдерінен құралған кештің әсерлі өткенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Кешке қатысушы қонақтар мен шәкірттер бір-біріне алғыс сезімдерінен құралған кештің әсерлі өткенін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
"Толқын" ақпарат