Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамзат тарихын тереңірек білгіңіз келе ме?

Адамзат тарихын тереңірек білгіңіз келе ме?

  610 жыл – Галилео Галилей Юпитердің төртінші серігін ашып, оған Каллисто деген ат берді.

  1622 жыл – француздың ұлы драматургы, сахна реформаторы Жан Батист Мольер дүниеге келді. Әлеуметтік-тұрмыстық комедия жанрын орнықтырған. Мольер драматургиясы әлемдік театр өнеріне ерекше ықпал жасаған. Қазақ актері Нұрмұхан Жантөрин М.Булгаковтың пьесасы бойынша қойылған «Жендеттер» спектаклінде Мольердің ғажайып бейнесін сомдаған, бұл роль – қазақ сахнасындағы актерлік ойынның ең шырқау биіктерінің бірі.  

  1681 жыл – Россия мен Түркияның арасында Бақшасарай бітімі жасалды. Төрт жылға созылған (1677-1681) орыс-түрік соғысы аяқталды. Осман империясы Ресей Днепрдің сол жағалауындағы Украинаны, Киевті өзіне қаратуға құқылы деп мойындады.

  1869 жыл – мерзімді баспасөзге почта арқылы жазылу басталды.

  1920 жыл – «Нью-Йорк Таймс» газетінде зымырандар жасаудың негізін салушылардың бірі Роберт Годдардың адам Айға ұшуы мүмкін деген идеясын келемеждеп жазған мақала басылды.  

  1926 жыл – Қызылордада қазақтың тұңғыш театры (қазіргі М.О.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры) ашылды. Ресми түрде театр М.О.Әуезовтің «Еңлік – Кебегімен» ашылған деп саналады.

  1934 жыл – Қазақ мемлекеттік музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындығы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры) ашылды.

  1937 жыл – Қазақ драма театрына «академиялық» атағы берілді.
 1940 жыл – Арктикада құрсауда қалып қойған «Георгий Седов» атты мұзжарғыш кеменің 812 күнге созылған жанкешті сапары аяқталды. Экипаждың 15 мүшесіне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

  1993 жыл – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заң қабылданды.
«Адамзат күнтізбесі»
кітабынан.
17 қаңтар 2018 ж. 1 344 0