Аралдықтарға алғысым шексіз

Кезінде біздің ата-бабаларымыз қазақ еліне түрлі тарихи себептердің негізінде қоныстанған болатын. Сол тұста жергілікті халық мейірбандылықпен оларға елінен орын берді. Мен осында өніп өсіп, қызмет жасап, аралдықтармен туысқан, құда-жекжат болып күн кешіп жатырмын. Жерлестерім маған әркез құрмет көрсетіп келеді. Сол себепті мен өзімді өзге ұлттың өкілі ретінде сезінбеймін.
Жүзі жарқын, жүрегі жомарт қазақ елі. Біздің түріміз бен түп тамырымызға қарап жатпай, өздерінің сый-құрметін көрсетіп келеді.
Құрметті қазақ бауырлар, Сіздер бабалар жалғастығынан қол үзбей, өзге деп өзектен теппей, бізге жарқын құшақ аштыңыздар. Жомарт жүректеріңіздің арқасында біз де ұрпақ өсіріп, қызмет етіп, жайдары тұрмыс кешіп жатырмыз. Тіпті өз ортамызға үйреніп қалғанымыз сонша, ұлтымыздың өзге екенін кейде есімізден шығып кетеді. Мұның бәрі – жергілікті халықтың қамқорлығының арқасы. Осындай шексіз құрметі үшін қазақ халқына алғысымды білдіремін.
Виктор ЧУМАШ,
қала тұрғыны