Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған ақша шығарып келген қызылордалыққа сот үкімі шықты

Жалған ақша шығарып келген қызылордалыққа сот үкімі шықты

Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны, бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотты болған азамат жалған ақшаны сауда орындарында өткізумен айналысқан.
Қауын базарында, әр түрлі азық-түлік дүкендерінде бірнеше мәрте 5000 және 10000 теңгелік жалған банкноттармен сауда жасаған және әрекеттерінің бәрін кешкі, түнгі уақытта жүргізген.

Заңсыз әрекет өткен жылы сатушының полиция басқармасына шағымынан соң, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтап, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен (жалған ақшаны сақтау және бірнеше рет өткізу) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Азаматтық талап қойған барлық сатушылардың ақшасы қылмыспен келтірілген мүліктік залал ретінде сотталушыдан өндірілетін болды.
Жалпы өткен 2020 жылы жалған ақша айналымы деректері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. Айналымнан жалған 51 купюра алынған.

kyzylorda-news.kz
03 наурыз 2021 ж. 350 0