Ұстазға құрмет

Кеште сөз алған білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды осынау әсемдікпен астасқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер отбасында келін, ана, жар болумен қатар, ұжымда үлгілі әріптес болып, ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрсіздер. Қазіргі күні елдегі қиын жағдайға қарамастан, білім сапасын жетілдіріп, балаларға білім беруде бар күш-жігерлеріңізді салып келесіздер. Сіздердің бұл еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Қазір білім саласында көптеген жаңалықтар болып жатыр. Бұл жетістіктер – ардагер ұстаздардың салып кеткен сара жолының нәтижесі, – деген Санира Нұрқожақызы ардагер ұстаздарға мерекелік сый жасады.
Білім саласы қызметкерлерінің ардагер ұстаздардан қол үзбей үнемі байланыста болып, әрқашан әріптес ретінде аға буын өкілдерін құрмет тұтатындығына ардагер ұстаздар да ризашылығын жеткізді.
Мерекемен Біілім бөлімі басшысының кеңесшісі А.Бөлекбаев, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Ж.Мейірманов құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Салтанатты шарада мерекелік көңіл күй сыйлайтын әуезді әндер орындалып, ізгі тілектер айтылды.
"Толқын" ақпарат