Әскердегі көрісу күні

Аталған іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Көрісу күні - көптен күткен Наурыз мейрамын тойлаудың бастамасы. Ежелден бері Қазақстан халқы жаңа жыл 14 наурызда басталады деп есептеген. Таң атысымен әскери бөлімге келген әскери қызметшілер салт бойынша бір-бірімен сәлемдесіп, төс қағысып жылы тілектерін білдірді. Ескі реніштерін ұмытып, татуласуға тырысты. Көрісу күні соңғы жылдары еліміздің барлық аумағында аталып келеді.Бұл күні ашулар кешіріліп, жанжалдар ұмытылады.

Қазақ әскерінің әскери қызметшілері - өз жерінің ұландары және барлық азаматтар сияқты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жанашырлары.
Қызылорда гарнизоны бөлімдерінде Наурыз мейрамы қарсаңындағы салт-дәстүрге сай өтетін мерекелер жыл сайын қарқын алып келеді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, сержант